Бонустық жүйе

Біздің сайтта барлық тіркелген пайдаланушыларға берілеті бонустық жүйе бар. Бонустар әр тапсырыс аяқталған кезде есептеледі. Жаңа бонустар туралы хабарламалар тауар жеткізілгеннен кейін SMS түрінде келеді.

Қанша бонус есептеледі?

Әрбір тауар құнының, оның ішінде жеңілдік жасалған тауар құнының 1%. Егер қандай да бір өнімге  жоғары бонус берілетін болса, бұл туралы сайтта ақпарат болады.

Friends адалдық бағдарламасының жазылушыларына әрбір тауар құнының, оның ішінде жеңілдік жасалған тауар құнының 5%. Егер қандай да бір өнімге  жоғары бонус берілетін болса, бұл туралы сайтта ақпарат болады.

Бонустар теңгемен төленген тапсырыс сомасына есептеледі. Тауарды ауыстырған немесе тауардың салмағын өзгерткен жағдайда бонустардың саны аздап өзгеруі мүмкін.

1 бонус дегеніміз не?

1 бонус = 1 теңге.

Бонустарды қалай жұмсауға болады?

Төлем жасау кезінде сіз тапсырысты бонустармен ішінара (тапсырыс сомасының 90% дейін) төлей аласыз. Ол үшін төлем кезінде "Бонустарды жұмсау" деп белгілеп, төлемді аяқтаңыз.

Бонустар күйіп кетуі мүмкін бе?

Жоқ. Олар сіздің жеке кабинетіңізде мәңгі сақталады.

Бонустарды қайдан көруге болады?

Жеке кабинетте, "Профиль" бөлімінде.

Егер сіз промокодты қолдансаңыз бонустар азая ма?

Ия, бұл жағдайда бонустар тапсырыстың жаңа жиынтық құнынан алынады.

Жұмсауды бастау үшін қанша бонус қажет?

Бонустарды жұмсаудың минималды сомасы жоқ.

Егер бонустар дұрыс есептелмесе ше?

[email protected]ге жазсаңыз, біз сізге көмектесеміз.