Біз туралы

Arbuz.kz  онлайн-супермаркеті 2011 жылы іске қосылды және осы 9 жыл ішінде 20 000-нан астам клиент бізге сенім артып, өнімді үйге жеткізумен алуды таңдады.

2018 жылы Arbuz.kz жобасы — СЕО Алексей Ли мен операциялық директор Руслан Погорелов бастаған жаңа команда құрды. Компания жобаны Қазақстандағы ең табысты онлайн-супермаркет деңгейіне дейін дамытуды жоспарлап отыр.

Біздің міндетіміз — клиенттеріміздің уақытын үнемдеу және оларды күнделікті күйбең тірліктен сәл де болсын арылту. Кептелісте және кассада кезекте тұрмайсыз және бізбен бірге аяқ асты қажетсіз затты сатып алудан құтыласыз .

Күн сайын біздің курьерлер көптеген тауарларды жеткізеді — балғын көкөністер мен жемістерден бастап тұрмыстық химия мен үй тауарлары, тіпті,  батареялар мен шамдар сияқты майда тауарларға дейін.

Біздің қоймада шамамен 10 000 түрлі тауар бар, олар сенімді жеткізушілерден мұқият таңдалып келеді. Егер біз сапасыз тауар әкелген болсақ - сіз оны әрқашан курьерге сол жерде қайтарып, оны бізге хабарлай аласыз. Біз өз клиенттерімізбен сөйлесетін супермаркетпіз!

Маңызды!

Тапсырысты қабылдау кезінде тауар жоқ болса, біз оны ұксас тауармен ауыстыр аламыз. Тауарды басқасына ауыстыру - әрқашан алдын ала талқыланады. Сіз біздің ұсынған нұсқаларымызбен келісе аласыз немесе өнімнен бас тарта аласыз.

Серіктестік бойынша бізге  [email protected]. поштасы арқылы хат жіберіңіз. Егер сіз Арбузда жұмыс істеуге қызығушылық танытсаңыз - түйіндемеңізді job.arbuz.kz. веб-сайтына тіркеңіз.Маркетингтік серіктестік мәселелері бойынша [email protected] мекенжайына хат жазыңыз.