Төлем

Біз төлемді кез-келген жолмен қабылдаймыз, өзіңіз үшін ыңғайлы әдісті таңдаңыз:

Онлайн, Visa / Mastercard төлем картасымен;
Курьерге картамен (курьер POS-терминал әкеліп, сізге чек береді).

Барлық тапсырыстарды жарнамалық кодтармен және бонустармен төлеуге болады, бірақ тапсырысыңыздағы тауар сомасының 90% аспауы керек.

Онлайн картамен төлеу бойынша сұрақтар

 

Ақша қалай есептен шығарылады

"Картамен онлайн төлеуді" таңдағанда, біз ақшаны тапсырыс сомасына тең етіп бұғаттаймыз, бірақ оны біржола есептен шығармаймыз. Есептен шығару тапсырысыңызды нақты құрастырғаннан кейін орын алады.

Қорытынды сома олшенетін тауарларының болуына байланысты өзгеруі мүмкін немесе егер біз сізге бір тауарды екіншісіне ауыстырған болсақ ауытқуы мүмкін. 

Назар аударыңыз! Қорытынды соманы түзету кезінде банктен ескерту келмейді. Есептен шығарудың өзгертілген сомасын тапсырысты рәсімдеу күніне үзінді көшірмеден көресіз.

Ақша қалай қайтарылады

Егер сіз жеткізілім кезінде тапсырыстың бір бөлігінен бас тартсаңыз, біз жеткізілген күннен бастап 3 күн ішінде ақшаны қайтаруды рәсімдейміз. Әдетте, ақша 2-3 күнде қайтарылады. Сирек жағдайларда 14 күнге дейін созылуы мүмкін.

Егер сізде SMS немесе Push хабарландырулары қосулы болса, онда сіз қаражаттың қайтарылғандығы туралы хабарлама аласыз.

Тапсырыстан толығымен бас тартқан жағдайда ақша қалай қайтарылады

Егер сіз тапсырыстан ол курьермен жеткізілмей тұрып, Клиенттің қызмет көрсету бөліміне қоңырау шалу арқылы бас тартсаңыз, онда біз соманы бұғаттан бірден ашамыз. Әдетте, Банк бұғатталған сома туралы хабарламалар жібермейді және Интернет-банкингте ондай жеке операция жоқ. Төлем жәй ғана операциялар мен үзінділер тарихынан жойылады. 

Егер сіз тапсырыстан жеткізу кезінде немесе курьер келген кезде бас тартсаңыз, онда біз жеткізілген күннен бастап 3 күн ішінде стандартты қайтаруды рәсімдейміз. Бұдан әрі банктік рәсімдерге байланысты бұл сома сіздің картаңызға оралады. Әдетте ақша 2-3 күнде қайтарылады. Сирек жағдайларда 14 күнге дейін созылуы мүмкін.

Егер сізде SMS немесе Push хабарландырулары қосулы болса, онда сіз қаражаттың қайтарылғандығы туралы хабарлама аласыз.

Егер сізде төлемдер бойынша мәселе туындаса, бізге +7 (727) 346 85 83, +7 (705) 926 00 00 (8-00-ден 20-00-ге дейін) хабарласыңыз немесе [email protected] жазсағыз болады.